×

Омикрон: Қазақстанда бүгіннен бастап шектеу шаралары күшейтіледі

Қазақстанда Омикрон штамы анықталған жоқ

 Жандос Байділда 03.12.2021 | 09:35
фото: primeminister.kz

Вице-премьер Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер – коронавирустың жаңа «омикрон» штамы таралған елдерде болған қазақстандықтардың оралуы және одан кейінгі карантинде болуы мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға қатысты болды.

Ералы Тоғжанов елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін айтып, халықты коронавирус инфекциясына және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакциналау жұмыстарын жалғастыру қажет екенін атап өтті.

ВАК жоспарлы иммундаумен қамту оңтайлы көрсеткіш 95%-дан кем емес болған жағдайда 10 ай ішінде 79%-ды құрайтынын атап өтті. Республиканың барлық өңірінде пневмококк инфекциясы, көкжөтел, дифтерия, сіреспеге (АКДС) қарсы вакциналаумен қамтуға қол жеткізілмеген.

Республикалық мәнге ие төмен көрсеткіштер - Атырау (62,3%), Павлодар (64,7%), Ақтөбе (66,1%), Маңғыстау (66,4%), Батыс Қазақстан облыстарында (67,4%) және Алматы қаласында (63,4%) байқалады.

Иммундау қарқыны қазан айынан бастап тұрақты төмендеп келе жатқан өңірлердің, Қарағанды, Алматы, Атырау, Ақтөбе облыстарының басшыларына сеніп тапсырылған аумақтардың халқын вакциналаумен қамтуды ерекше бақылауға алу тапсырмасы берілді.

Коронавирус инфекциясының жаңа штамының пайда болуына орай Қазақстанда 3 желтоқсаннан бастап шектеу іс-шаралары күшейтіледі.

Омикрон штамын республика аумағына әкелуге жол бермеу мақсатында ВАК 3 желтоқсаннан бастап мынадай шектеу іс-шараларын енгізу туралы шешім қабылданды:

Бірінші - Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Малави, Онтүстік Африка, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының Қазақстанға келуін шектеу.

Екіншіден, «Омикрон» анықталған Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада және Египеттен келетін адамдар үшін вакцинациясы бар-жоғына қарамастан міндетті ПТР-тестілеу енгізіледі.

Үшіншіден, «Омикрон» анықталған елдерден келген адамдар ПТР нәтижесіне қарамастан 7 күнге үй карантинге оқшаулануға тиіс.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама