×

Қазақстандағы кәріздерді арабтар тазартып беретін болды

Қазақстанның 68 қаласындағы су бұру құрылыстары мен желілерінің қазіргі жағдайы айтылды

 Еркеғали Болатұлы 16.03.2023 | 11:05
фото: ашық дереккөз

Abu Dhabi Sewerage Services Company-дің (ADSSC) Қазақстанда кәріз-тазарту жүйелерін салып, жаңғырту жобаларына қатыспақ.

Бұл іс-шараға «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әділхан Өмірбаев және Abu Dhabi Sewerage Services Company-дің басқарушы директоры, сондай-ақ басқарма төрағасы Ахмед аль-Шамси қатысты.

Осы орайда Қазақстанның 68 қаласындағы су бұру құрылыстары мен желілерінің қазіргі жағдайы жөнінде мәлімет берілді. Осы бағыттағы өзекті мәселелерді жүйелі түрде шешу үшін әлеуетті инвесторлардың инфрақұрылымдық жобаларға қатысу перспективалары талқыланды.

Айта кетсек, Abu Dhabi Sewerage Services Company – Абу-Даби Әмірлігінде қатты және сұйық қалдықтардан жиналатын ағынды суларды қауіпсіз жинап, тазартумен айналысатын мемлекеттік коммуналдық компания. Оның активінде 40-қа жуық кәріз тазарту қондырғысы және 260-тан аса сорғы стансасы, сондай-ақ 12,606 шақырымдай кәріз желісі бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама