×

Бір матчта – 5 гол: «Манчестер Ситидің» шабуылшысы жаңа рекорд орнатты

Бұған дейінгі рекордқа Киллиан Мбаппе қол жеткізген еді

 Еркеғали Болатұлы 15.03.2023 | 11:27
фото: eurosport.com

«Манчестер Сити» клубының шабуылшысы Эрлинг Холланд Чемпиондар лигасында жаңа рекорд орнатты.

Айта кетейік, түнде футболдан Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жауапты матчтары өткен болатын. «Манчестер Ситидің» өз алаңында «Лейпциг» клубын қабылдап, 7:0 есебімен жеңіске жеткені белгілі.

Сол ойында Эрлинг Холланд 5 гол соқты. Бұл норвегиялық сұрмергеннің турнир тарихында 25 матчтағы 30-добы болып тіркеліп отыр.

Оған дейінгі рекорд Руд Ван Нистелройға тиесілі еді. Нидерланд шабуылшысы Чемпиондар лигасындағы 30 голын 34 матчта соққан.

Сонымен қатар, Эрлинг Холланд 30 гол соққан ең жас ойыншы атанды. Бұған дейінгі рекордқа «ПСЖ» шабуылшысы Киллиан Мбаппе қол жеткізген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама