×

Алматыда жүргізуші көлік айдап келе жатып қайтыс болды

Жүргізуші өзін нашар сезініп, көлік келе жатқан жолаққа бұрып жіберген

 Халық үні 15.03.2023 | 06:47
фото: zakon.kz

Алматыда жүргізуші көлік айдап келе жатып қайтыс болды. Жол көлік оқиғасы «Рахат» шағынауданында болған, деп хабарлайды Zakon.kz. 

Hyundai Terracan көлігі Асқаров көшесімен оңтүстікке қарай жүріп келе жатқан.Жүргізуші өзін нашар сезініп, көлік келе жатқан жолаққа бұрып жіберген.

Toyota Camry жүргізушісі өзіне қарай жүріп келе жатқан джипті көріп, дереу оңға бұрылады, бірақ Hyundai бәрібір көлігінің бүйірінен сызып өткен, содан кейін ол бордюрге ұрылып, жолдан шығып, ағашқа соқтығысқан.

Toyota Camry жүргізушісі жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырған. Оқиға орнына келген дәрігерлер Hyundai Terracan жүргізушісінің қайтыс болғанын айтқан.

Апат болған жерде жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама