×

Сұрауы бар: AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов ашық сұқбат берді

Сұқбат бүгін кешкі сағат 19:00-де «Сұрауы бар» YouTube арнасында жарияланады

 Халық үні 14.03.2023 | 12:30
Ерлан Қошанов, фото: Halyq Uni

AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов «Сұрауы бар» YouTube жобасының қонағы болып, ашық сұхбат берді. Бұл туралы жоба продюсері Ербол Сейілхан хабарлады.

Сұқбат барысында партия төрағасына журналист бірқатар өткір сұрақ қойған. Мәселен:

  • 30 жылда елде болған былық-шылыққа, ұрлық-қарлыққа, жемқорлыққа, әділетсіздікке AMANAT партиясы жауап бере ме?
  • Ескі жүйені даттап, «Аманатты»  мақтап жүрген ақын Ринат Зайытов сияқтылардың әрекеті саяси екіжүзділік емес пе?
  • Назарбаев дәуірі келмеске кетті ме? Ат төбеліндей олигархтардың қолындағы ен байлық қазаққа қашан қайтады?
  • AMANAT партиясы көп уәде беріп жатыр, бұл саяси популизм емес пе?
  • Биліктің ресурсын пайдалану тыйылды ма?

Бүгін, 14 наурыз кешкі сағат 19:00-де «Сұрауы бар» YouTube арнасында AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошановпен болған ашық сұқбат жарияланады.

Еске салайық, 2023 жылдың 19 қаңтарында Қазақстанда кезектен тыс Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама