×

U-20: әлем чемпионатына қатысатын елдер анықталды

Теңбіл доп додасы Индонезияда 20 мамыр мен 11 маусым аралығында болады

 Дастан Жұмабекұлы 13.03.2023 | 16:14
фото: ашық дереккөз

20 мамырда Индонезияда 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы XXI әлем чемпионаты басталады.

Жарыс 11 маусымға дейін жалғасады. Оған қатысатын барлық құрама командалар анықталды. Жеребе тарту рәсімі 31 наурызға жоспарланып отыр.

1-себет: Индонезия, Уругвай, АҚШ, Франция, Сенегал, Италия немесе Оңтүстік Корея (рейтингтік ұпайлар негізінде);

2-себет: Англия, Оңтүстік Корея немесе Италия (рейтингтік ұпайлар бойынша), Жаңа Зеландия, Бразилия, Колумбия, Эквадор;

3-себет: Өзбекстан, Нигерия, Жапония, Ирак, Гондурас, Фиджи;

4-себет: Гватемала, Доминикан Республикасы, Гамбия, Израиль, Словакия, Тунис.

Айта кетсек, 2019 жылы Украина құрамасы әлем чемпионы болды. Ал Аргентина құрамасы әлем чемпионы атағын 6 рет (1979, 1995, 1997, 2001, 2005, 2007 ж.ж.) жеңген.

Сондай-ақ Доминикан Республикасы мен Израиль биылғы әлем чемпионатына алғаш рет қатысқалы отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама