×

Орман сақшыларына қосымша ақы төленеді

Үкімет басшысы арнайы тапсырма берген

 Дәурен Ерболат 13.03.2023 | 14:56
Фото: azattyq.org

Қауіпті жұмыстарды орындайтын мемлекеттік орман күзеті қызметкерлеріне қосымша ақы төленуі мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланды.

Мемлекеттік орман күзеті қызметтерінің, табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларының және жануарлар дүниесін, ормандарды қорғау, өсімін молайту және орман пайдалану жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың қызметкерлеріне денсаулыққа және өмірге зиян келтіру қаупімен байланысты жұмысы үшін лауазымды айлықтың 100% мөлшерінде қосымша ақы төленеді, - деп жазылған Үкіметтің қаулысында.

Мұндай бастама орман сақшыларының жағдайын жақсартуды көздейді.

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ұйым қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Үкіметінің қаулысымен қызметкерлердің көрсетілген санаттары үшін 2025 жылға дейінгі лауазымдық айлықақылардың белгіленген мөлшеріне 2 есе ұлғаю мөлшерінде түзету коэффициенттері белгіленген. Қостанай, Шығыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстарындағы соңғы ауқымды орман өрттері орман шаруашылығы мамандарының, әсіресе ауылдық жерлерде тапшылығы, сондай-ақ қызметтерді материалдық қамтамасыз етудің әлсіздігі проблемаларын ашты. Осыған байланысты премьер-министр Әлихан Смайыловтың 2022 жылғы 8 қыркүйектегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде табиғат қорғау мекемелерінің қызметкерлеріне жалақыны ұлғайту ұсынылады», - деп жазылған құжатта.

Қаулы 30 наурызға дейін ашық талқыланады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама