×

Алматыдан 903 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Зілзала ошағы Ауғанстанда орналасқан

 Наима Нұрәлі 12.03.2023 | 15:43
фото: exk.kz

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі хабарлады.

Табиғи апат Алматы уақытымен бүгін түнгі сағат 00:25-те тіркелді. Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 903 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 10.7. MPV тербелісі – 5,1. Тереңдігі – 15 шақырым. Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама