×

АҚШ-та Геннадий Головкиннің бокстағы мансабына қатысты болжам айтылды

Геннадий Головкинде  IBO титулы ғана қалды

 Халық үні 12.03.2023 | 08:45
Фото: boxingnewsonline.net

Америкалық The Sporting News басылымы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің WBA Super нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуін босатуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Sports.kz.

«Геннадий Головкин орта салмақтағы өзінің WBA титулын босатты. Енді бұл салмақта Эрисланди Лару жалғыз чемпионы болып қалады. Бұл  GGG зейнетке кетеді дегенді білдіре ме?» — деп жазды The Sporting News.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Головкин IBF нұсқасы бойынша да әлем чемпионы белбеуін бос қалдырған болатын. Енді Геннадий Головкинде IBO титулы ғана қалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама