Қазақстан Еуропа елдерінің бірінің бастамасымен Шенген «қара тізіміне» енген – СІМ

Халық үні

Қазақстан билігі мұның қай елдің бастамасымен болғанын әлі анықтай алған жоқ

фото: nashaniva.com

10 наурызда ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко «Қазақстан Шенген бойынша «қара тізімге» енді» деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Роман Василенко Шенген келісімі аясында бір елдің бастамасымен келесі бір мемлекетті «қара тізімге» енгізу тәртібі қарастырылғанын атап өтті. Оның айтуынша, ұзақ жылдар бойы бұл тізімде болмаған Қазақстан Еуропа елдерінің бірінің бастамасымен «қара тізімге» енген. Бірақ әзірге қандай мемлекеттің бастамасымен болғанын айта алмады.

«Олар бізге қай елдің мұны істегенін және қандай себеппен жасағанын айтуға, ақпарат ұсынуға міндетті емес. Бірақ біз келіссөз жүргізу арқылы мәліметті анықтаймыз деп үміттенеміз», - деп түйіндеді Роман Василенко.

Бұған дейін СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров 1 наурыздан бастап Қазақстанға шенген визасын беру кезінде бұдан былай қазақстандықтар үшін қосымша консультациялар талап етілетін елдер тізімінде болатынын мәлімдеді.