×

Шенген визасы: Қазақстан «қара тізімде» ме?

Мұндай талапты біз түсінгендей Шенген келісімінің бір елі сұратқан

 Дәурен Ерболат 27.02.2023 | 17:34
фото: nashaniva.com

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан Шенген визасын алудың «қара тізіміне» енді деген ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

1 наурыздан бастап Қазақстанға шенген визасын беру кезінде бұдан былай қазақстандықтар үшін қосымша консультациялар талап етілетін елдер тізімінде болады. Сонымен қатар, Шенген келісімінде қара немесе қызыл тізім деген ұғым жоқ. Бұл әдеттегі жұмыс процесі туралы айтылған. Мұндай талапты біз түсінгендей Шенген келісімінің бір елі сұратқан, - деді Смадияров СІМ-де өткен брифингте.

СІМ ресми өкілі мәселенің себебіне тоқталды.

Еуропалық одақ пен шенген келісіміне енетін елдер виза алуға өтініш берген үшінші елдің азаматтарына қосымша консультация өткізуге құқығы бар. Ол консультация 7 күнге созылады. Іс жүзінде Қазақстан азаматтары үшін визаларды қарау рәсімінде қандай да бір өзгеріс болмайды. Азаматтарға қатысты қосымша консультация басталуы мүмкін 40 ел кіретін тізім «қара тізім» деп аталмайды,- деді ол.

Айбек Смадияров аталған тізімге Еуропалық одақпен тығыз қарым-қатынастағы Әзербайжан, Вьетнам, Армения, Тунис сынды көптеген мемлекет кіретінін атап өтті.

Биыл Еуропалық одақ пен Қазақстан арасында ынтымақтастықтың орнағанына 30 жыл толады.

«Тараптар кең ауқымды мәселелер бойынша біздің әріптестігімізді одан әрі нығайту бойынша жұмыс істеп жатыр. Қазақстанның қандай да бір тізімге енгізілгені туралы мәселеге тоқталайын. Біз еуропалық тараптан ресми хабарлама алған жоқпыз», - деді Айбек Смадияров.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама