×

Германияда Иегова куәгерлері орталығында атыс болды

Күдіктіні қосқанда 6 адам қаза тапты

 Дастан Жұмабекұлы 10.03.2023 | 09:30
фото: ашық дереккөз

Германияда Иегова куәгерлері орталығында атыс болып, 6 адам қаза тапты.

Гамбург қаласы полициясының хабарлауынша, қаланың Альстердорф ауданында болған атыстың нақты себебі әлі белгісіз. Оқиға орнына жедел жәрдем көлігі жеткенде күдіктінің де атыстан қаза тапқаны анықталды.

Осыған байланысты жергілікті полиция әлеуметтік желіде халықты оқиғаның мән-жайы анықталмайынша жалған ақпарат таратпауға шақырды. Полицияның мәліметіне қарағанда, жергілікті уақыт бойынша, кешкі сағат 21:00 шамасында NINAwarn федералдық қосымшасы арқылы жергілікті тұрғындарға ескерту жасалған. Онда бір немесе бірнеше адамның шіркеуде адамдарға оқ атқаны айтылған.

Тұрғындарға үйден шықпау туралы кеңес берілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама