×

Балқашта биыл 12 көшенің жолы жөнделеді

Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы брифинг өтті

 Динара Амантай 09.03.2023 | 16:30
Фото: Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады

Биыл Балқаш қаласының суару жүйесін қайта құру, жағалауды абаттандыру басталады. Бұл туралы қала әкімі Қайрат Қамзин Балқаштың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы брифинг барысында айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сонымен бірге6 осы жылы 10-шы шағын ауданда екі көпқабатты үйдің құрылысы аяқталуға тиіс. 45 пәтерлік төрт үйдің құрылысы басталады.

Кезекте тұрғандар үшін салынып жатқан үйлерден 50 пәтер сатып алуды жоспарлап отырмыз. Қалада орташа жөндеумен 12 көше қамтылады. Жөнделетін жолдардың жалпы ұзындығы 15 шақырымды құрайды. Қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 82 пайызға дейін артады. Сондай-ақ 18 ауланы абаттандыру, 11 үйдің шатырын, 16 үйдің қасбеті мен шатырын және 3 үйдің қасбетін жөндеу жоспарланып отыр, – деді қала әкімі Қайрат Қамзин.

Сонымен қатар, биыл Балқашта қаланың суару жүйесін қайта құру, жағалауды абаттандыру басталады. «Қоңырат» шағын ауданында жылу желілерін салу, магистральдық жылу және су құбыры желілерін қайта жаңарту жалғасады. Ағыбай батыр көшесінде, Қадыржанов көшесіндегі аллеяда кіру тобын абаттандыру жұмыстары жоспарланған. Сәбитова шағын ауданында МЖӘ бойынша 200 адам қабылдайтын емхананың құрылысы аяқталып жатыр.

Биыл жаңа аз инвазивті кардиоорталықтың ашылуымен Балқаштың көпсалалы орталық аудандық ауруханасын жаңғырту басталды. Сондай-ақ аумақты абаттандырумен жұмыс істеп тұрған ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілетін болады. Бұған қоса, «Жайлы мектеп» жобасы аясында Қ. Нұржанов шағын ауданында 1200 орындық мектеп құрылысы басталады,– деді әкім.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама