×

Қысқы Олимпиялық ойындардың бойтұмары таңдалды

Төртжылдықтың басты жарысы 2026 жылы Италияда болады

 Дастан Жұмабекұлы 09.03.2023 | 16:24
фото: ашық дереккөз

2026 жылы Италияның Милан мен Кортина-д'Ампеццо қалаларында өтетін Қысқы Олимпиялық ойындардың бойтұмары ақ және қоңыр түсті дулығалы ақкіс болады.

Бойтұмарлар жалпыхалықтық дауыс беру арқылы таңдалды. Оларды Италияның Катанзаро провинциясындағы мектеп оқушылары салған. Ақкістің бірі ақ пальтода, екіншісі қоңыр түсті. Бойтұмарларға жарияланған конкурста халықтың 53%-ы тышқандар салынған суретке дауыс берді. Екінші орын Эдельвейс гүліне бұйырды.

Таңдауға Италияның 81 провинциясынан 681 сынып пен 82 мектептен барлығы 1600 өтінім түсті.

Милан мен Кортина-д'Ампеццодағы Олимпиялық ойындары 2026 жылдың 6-22 ақпаны аралығында өтеді деп жоспарланған. Паралимпиялық ойындар 6-15 наурыз аралығында өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама