Halyq Uni логотип
×

Ақмола облысында ауыл балаларына арналған мектептің құрылысы басталды

Білім ордасын бітірген түлектер шетелде оқи алады

 Дәурен Ерболат 09.03.2023 | 13:02
Ақмола облысында ауыл балаларына арналған мектептің құрылысы басталды
Фото: Halyq Uni

Бүгін Ақмола облысында дарынды ауыл балаларына арналған мектептің іргетасы қаланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Іс-шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Мәлгаждар Тәткеев, IQanat жобасының қамқоршылары, кәсіпкерлер Тимур Тұрлов, Айдын Рахымбаев қатысты.

Жаңа кампус IQanat мектебінің сыйымдылығын қосымша 120 орынға арттырады. Бұл биыл күзде Қазақстанның барлық ауылынан дарынды оқушыларды қабылдауға мүмкіндік береді.

Құрылысы басталған мектепте 420 орындық амфитеатр, кітапхана (7 мың кітап), STEM зертханасы болады.

Бүгін – Ақмола облысында атаулы күн. IQanat мектебінің жаңа корпусының негізін қалағалы жатырмыз. Бұл бастама президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында қала мен мектеп арасындағы айырмашылықты азайтуға мүмкіндік береді. Бұл мектепте ауылдардан іріктеліп алынған дарынды балалар оқиды. Осы білім ордасын бітірген түлектер әлемнің беделді жоғары оқу орындарында білім алып жатыр, - деді облыс әкімінің орынбасары Мәлгаждар Тәткеев.

Айта кетейік, IQanat – 100-ден аса қазақстандық кәсіпкердің ауыл балаларына қолдау көрсету үшін ашылған білім беру жобасы. Осы бағдарлама арқылы ауыл балалары сапалы білім алып, Қазақстандағы және әлемдегі үздік университеттерге түсе алады.

Айта кетейік, былтыр IQanat олимпиадасының финалы елордада өтіп, жеңімпаздар анықталған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама