×

Футболдан ұлттық құраманың жаңа құрамы анықталды

Тізімде 32 ойыншы бар

 Дастан Жұмабекұлы 09.03.2023 | 11:11
фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев 23 наурыз және 26 наурыз аралығында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Словения мен Данияның құрамаларымен өтетін матчтарға шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады.

Жалпы тізімге 32 футболшы енді.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»), Стас Покатилов («Ақтөбе»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов, Ғафуржан Сүйімбаев («Ордабасы»), Александр Марочкин, Бағдат Қайыров (екеуі де – «Тобыл»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Абзал Бейсебеков, Михаил Габышев, Тимур Досмағамбетов (барлығы – «Астана»), Талғат Кусяпов («Каспий»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Ян Вороговский («Моленбек», Бельгия), Лев Скворцов («Химки», Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Эльхан Астанов («Ордабасы»), Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Рамазан Оразов («Ақсу»), Исламбек Қуат, Аслан Дарабаев, («Астана»), Максим Самородов, Арман Кеңесов («Ақтөбе»), Ислам Чесноков («Тобыл»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов, Владислав Прокопенко (екеуі де – «Астана»), Артур Шушеначев («Қайрат»), Абылайхан Жұмабек («Ақтөбе»), Айбар Жақсылықов («Ордабасы»);

Жаттықтырушылар штабы: Магомед Адиев – бас жаттықтырушы, Евгений Коструб – бас жаттыұттырушының көмекшісі, Руслан Балтиев – бас жаттықтырушының көмекшісі, Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ерлан Ибраим – дене даярлығы жаттықтырушысы, Амаль Сыздықов – сарапшы жаттықтырушы.

Оқу-жаттығу жиыны 16 наурызда басталады. Ойыншылардың нақты тізімі кейін белгілі болады.

23 наурызда Словениямен болатын матч Астана уақытымен 21:00-де басталады. Үш күннен кейін ұлттық құрама Даниямен ойнайды. Кездесудің басталуы 19:00-ге жоспарланған. Екі матч та «Астана Арена» стадионында өтеді.

Ойынға билеттерді Ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады. Билеттердің бағасы 1500 теңгеден басталады.

БАҚ өкілдері мына сілтемеге кіріп, матчтарға тіркеле алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама