×

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарадағы даулы жерлер бойынша келіссөздер өткізеді

Әзірше учаскенің 60 пайызы келісілген

 Дастан Жұмабекұлы 09.03.2023 | 10:30
фото: ашық дереккөз

Жақын арада Қырғызстан мен Тәжікстан өкілдері ортақ шекарадағы даулы жерлер мәселесі бойынша келіссөздердің келесі кезеңін өткізеді.

Қырғызстан Үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, келіссөздер Тәжікстанда болады.

2023 жылғы 10-16 наурыз аралығында Қырғыз Республикасының делегациясы Душанбеде тәжікстандық әріптестерімен кездесу өткізеді. Онда мемлекеттік шекараның ортақ учаскесін делимитациялау және демаркациялау мәселелері талқыланады, – делінген хабарламада.

Екі тарап шекараны делимитациялау мәселесімен 20 жылдан аса уақыт бойы айналысып келеді. Осы уақытта тараптар 60 пайыздан аса шекара учаскесі бойынша келісімге келген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама