×

Ақтауда жоғалып кеткен 16 жастағы қыз бала табылды

Қазіргі уақытта ақтаулық арудың жағдай жақсы

 Халық үні 09.03.2023 | 00:26
Фото: smi24.kz

Ақтауда хабар-ошарсыз кеткен кәмелетке толмаған қыз бала аман-есен табылды, деп хабарлайды Lada.kz.

16 жастағы ару Ақтау қаласындағы 4-шағын аудандағы үйден шығып, туыстарымен ұзақ уақыт хабарласпаған.

Белгілі болғандай, қыз баланы іздестіруге полиция қызметкерлері мен 13 ерікті қатысқан. Бірнеше сағаттан кейін 16 жастағы қыз бала аман-есен табылды.

Басылым мәліметінше, қазіргі уақытта ақтаулық арудың жағдай жақсы және оның өміріне ешкім қауіп төндірмейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама