×

Аналарымыз бен аруларымыздың алаңсыз өмірі – ұлтымыздың жарқын болашағының кепілі - президент

Мемлекет гендерлік теңдікті сақтауға, әйелдер құқығын қорғауға және отбасы құндылықтарын нығайтуға әрдайым баса мән береді

 Еркеғали Болатұлы 08.03.2023 | 09:30
фото: дереккөз

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандық нәзік жандарды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.

Қымбатты ханымдар! Баршаңызды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер әлемге жылулық пен жарасым сыйлап, жақын жандарыңызды махаббатқа бөлейсіздер. Аяулы аналарымыз өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік құндылықтарды сіңіріп, оларды еңбекқор, білімпаз болуға тәрбиелейді. Бүгінде әйелдер қауымының отбасындағы, қоғам өміріндегі және мемлекетті жан-жақты дамыту ісіндегі рөлі орасан зор, - деді президент.

Сондай-ақ ол қазір қыз-келіншектердің өндірісте, шығармашылық жолында, саясат, бизнес және басқа да көптеген салада биік белестерді бағындырып келе жатқанын атап өтті.

Мемлекет гендерлік теңдікті сақтауға, әйелдер құқығын қорғауға және отбасы құндылықтарын нығайтуға әрдайым баса мән береді. Аналарымыз бен аруларымыздың алаңсыз өмірі – ұлтымыздың жарқын болашағының кепілі. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Әрдайым көктем күніндей жадырап жүріңіздер! - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама