×

Түркияда қатарынан үш рет жер сілкінді

Жер сілкінісінің магнитудасы - 4,7, 4,4 және 4,3

 Халық үні 07.03.2023 | 23:25
Фото: astanatv.kz

Түркияның Кайсери қаласында 6 минут ішінде қатарынан үш рет жер сілкінісі болды, деп хабарлады «Астана» телеарнасы.

Бірінші жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 14:47-де тіркелді. Зілзала ошағы Инжесу округінен анықталды.

Жер сілкінісінің магнитудасы - 4,7, 4,4 және 4,3.

Сол маңдағы бір елді-мекенде топырақ көшкіні байқалған.

Зардап шеккендер мен қирандылар туралы әлі ақпарат келіп түспеген.

Айта кетсек, БҰҰ Түркиядағы жер сілкінісінен болған залал көлемі 100 миллиард доллардан асуы мүмкін деп мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама