×

Астана – Алматы бағытында Тальго этнопойызы жолға шықты

Мерекелік құрам күн сайын 2023 жылғы сәуір айының соңына дейін жүреді

 Еркеғали Болатұлы 07.03.2023 | 11:16
фото: дереккөз

Астана – Алматы бағыты бойынша ұлттық нақышта безендірілген мерекелік Тальго пойызы жолға шықты, деп хабарлады «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Толығырақ айтқанда, 6 наурызда елордалық вокзалдан Астана – Алматы бағыты бойынша Наурыз мерекесі қарсаңында безендірілген №3/4 Тальго пойызы алғашқы сапарға аттанды.

Құрам вагондары этностильде безендірілген. Мерекелік құрам күн сайын 2023 жылғы сәуір айының соңына дейін жүреді.

Тальго этнопойызы – «Жолаушылар тасымалы» АҚ пен Алматы қаласы әкімдігінің бірлескен жобасы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама