×

Сирия президенті Қазақстанға гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты

Қиын-қыстау шақтағы көмекті Сирия халқы жоғары бағалайды

 Дәурен Ерболат 06.03.2023 | 12:33
Фото: wikimedia.org

Cирия президенті Башар Әл-Асад мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысының атына Сирия президентінен жеделхат түсті. Онда Башар Әл-Асад биыл ақпанда болған жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия халқына Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтқаны жазылған.

Қиын-қыстау шақта бізге қолдау білдіріп, адамгершілік және ізгілік танытқан Қазақстанның ұстанымын Сирия халқы жоғары бағалайды, – деп жазылған жеделхатта.

Еске сала кетсек, бұған дейін Сирияға 160 млн теңгенің гуманитарлық көмегі жіберілетіні хабарланған болатын.

БАҚ-тың хабарлауынша, Сириядағы зілзала салдарынан 6 мыңға жуық адам көз жұмған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама