×

Әнуар Жанғозин жаңа қызметке тағайындалды

Бұған дейін ол түрлі ұйымды басқарды

 Дәурен Ерболат 06.03.2023 | 11:43
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

«Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» басқарма төрағасы қызметіне Әнуар Жанғозин тағайындалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ қамқоршылық кеңесінің шешімімен басқарма төрағасы лауазымына тағайындалдым. Бұл ұйымда 15 жыл бұрын еңбек жолымды бастап, бірегей тәжірибе алу мүмкіндігіне ие болдым. Алған білімімді кейін түрлі мекемелерде қызмет атқару барысында қолдандым. Енді Зияткерлік мектептерді одан әрі дамытуға бағытталған жұмысқа кірістім, - деп жазды Әнуар Жанғозин Facebook-те.

Айта кетейік, Әнуар Жанғозин 1986 жылы дүниеге келген. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген. Михаил Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде «Математика» мамандығы бойынша және «Назарбаев университетінің» магистратурасында «Білім беруді басқару» мамандығы бойынша оқыды. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

2008-2011 жылдары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» әдістемелік процесс департаментінің менеджері, директордың орынбасары болып жұмыс істеді.

2011-2016 жылдары Астанадағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінде» математика пәнінің мұғалімі, директор қызметін атқарды.

2017-2019 жылдары Астана қаласы білім басқармасының басшысы болды.

2022 жылы «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығын басқарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама