×

Алматыда 2 тұрғын үй кешенін салған компания басшысы мен өкілдері қамауға алынды

«Lider Group Consalt» ЖШС директоры мен бірқатар тұлғасы ұсталды

 Халық үні 05.03.2023 | 23:50
Фото: ratel.kz

Алматыда «Үш қоңыр» және «Весновка» тұрғын үй кешені бойынша санкциялар берілді. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

«Полиция «Үш қоңыр» және «Весновка» тұрғын үй кешені үлескерлерінің ұжымдық арызы негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (алаяқтық) бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеріп жатыр. Алматы қаласының прокуратурасы тергеу органының «Lider Group Consalt» ЖШС директоры мен бірқатар тұлғасын күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхатын қолдады», - делінген хабарламада.

Алматы қаласының тергеу сотының санкциясымен олар 2 ай мерзімге күзетпен ұстауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, тергеу органдары істің мән-жайын анықтау үшін барлық шараларды қолдануда және іс прокуратураның бақылауында.

Бұған дейін Бостандық ауданы тұрғындары қала әкіміне «Үш қоңыр» тұрғын үйінде пәтерлер екі есе қымбат бағаға сатылғанына арызданған еді. Оған қоса тұрғындардан түскен арыз бойынша іс созылып кеткені айтылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама