×

Шавкат Рахмонов UFC-дің «жыл жекпе-жегі» үшін рекордтық деңгейде гонорар алды

Рахмоновтың бұл жекпе-жегінің жалпы ақысы 161 500 долларды құрады

 Халық үні 05.03.2023 | 19:50
Фото: tengrinews.kz

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (17-0) америкалық Джефф Нилді (15-5) жеңгені үшін рекордтық гонорар алды.

Sports.kz-тің жазуынша, Рахмоновтың бұл жекпе-жегінің жалпы ақысы 161 500 долларды құрады (30 000 - кепілдендірілген төлем, 6 000 — демеушілік бонус, 25 500 — Нилдің 30% ақысы, 100 000 – «кештің ең мықты жекпе-жегі» үшін екі есе бонус).

Естеріңізге сала кетейік, Шавкат Рахмонов үшінші раундта Джефф Нилді қылқындыру әдісімен жеңді және кәсіби мансабында он жетінші жеңіске жетті (UFC-де бесінші).

UFC комментаторлары трансляция кезінде бұл жекпе-жекті бірнеше рет «Жыл жекпе-жегі» деп атады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама