×

Ақтөбе облысында жолаушылар пойызы мен локомотив соқтығысып қалды

Релістен шығып кеткен пойызда 200-ден аса адам болған

 Еркеғали Болатұлы 05.03.2023 | 14:40
фото: дереккөз

Ақтөбе облысында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті. Бұл туралы бүгін ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, бүгін сағат 10:30-да Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бершүгір теміржол станциясында жолаушылар пойызы маневрлік локомотивпен соқтығысқан.

Салдарынан «Бішкек-Самара» бағытымен жүретін №317 жолаушылар пойызының тепловозы, №1 вагоны және №2 жолаушылар пойызының 3 доңғалақты жұбы рельстен шығып кетті. Оқиға орнына Қазавиақұтқару тікұшағы ұшып шығып, құтқару бөлімшелері және ҚТЖ қалпына келтіру пойызы жөнелтілді, - делінген хабарламада.

Релістен шығып кеткен пойызда 200-ден аса адам (Қырғызстан, РФ және Қазақстан азаматтары, ҚТЖ қызметкерлері) болған. Жолаушылар зардап шекпеген. Олар пойыздың басқа вагондарына орналастырылды.

Апатқа қатысты жедел штаб құрылды. Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама