×

Шавкат Рахмонов келесі қарсыласына жекпе-жекке дайындала беруді ескертті

Сондай-ақ UFC титулына таласқалы жатқан Леон Эдвардс пен Камара Усманға да ишара жасады

 Еркеғали Болатұлы 05.03.2023 | 13:55
фото: ufc.ru

Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (17-0) Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC 285 турнирінде америкалық Джефф Нилді (15-5) мерзімінен бұрын жеңгеннен кейін өзінің келесі қарсыласының атын атады.

Белбеуге таласу үшін әлі 1-2 жекпе-жек өткізуім керек деп айтқанмын алдында. Ал қазір оған дайынмын. Колби Ковингтон, дайындала бер! Келесісі – сенсің! - деді Шавкат Рахмонов октагонда тұрып.

Сондай-ақ ол болашақта жартылай орта салмақтағы UFC титулына таласуға ниетті екенін мәлімдеді. Сөйтіп жақында осы белбеуге таласатын Леон Эдвардс пен Камара Усманды құлағдар етіп, оларға да ескерту жасады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама