×

Шавкат Рахмонов америкалық үздік спортшыны айқын басымдықпен жеңді (ВИДЕО)

Жекпе-жек алдында Нил жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде Рахмоновтан жоғары болған

 Еркеғали Болатұлы 05.03.2023 | 12:38
фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC

Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (16-0) Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC 285 турнирінде кезекті қарсыласымен кездесті. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Рахмонов америкалық жеңмпаз Джефф Нилден (15-4) басым түсіп, оны 3-раундта таза жеңді.

Айта кетейік, жекпе-жек алдында Нил жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде Рахмоновтан жоғары болған. Тізімде ол жетінші, ал осы жолғы қазақстандық қарсыласы тоғызыншы болып тұр еді.

Осылайша, қазір Шавкат Рахмонов кәсіпқой мансабындағы 17-жеңісіне қол жеткізіп отыр. Ол шаршы алаңда әлі жеңіліп көрмеген. Ал Джефф Нил бесінші рет жеңіліске ұшырады.

Бұл – Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі бесінші жекпе-жегі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама