×

Қаллеки театрында «Жошы хан» спектаклінің премьерасы өтеді

Бұл Қазақстан театрында Жошы хан туралы алғашқы туынды 

 Айнұр Шошаева 04.03.2023 | 14:18
Фото: azattyq-ruhy.kz

Биыл Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры биыл 8 премьера өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Halyq uni.

Театр директоры Айболат Жаудыровтың айтуынша, биыл өнер ұжымы 8 жаңа туындыны сахналауды жоспарлап отыр. 

Театрымыздың да, мемлекеттің саясатына сәйкесөзіміздің тарихымызға үңілетін және болашағымызға бағдарлайтын спекталкьдің бірі «Жошы хан»  спектаклін биылғы жылы репертуарымызға қосып отырмыз. Туындының авторы Думан Рамазан, режиссері Болат Ұзақов, – деді ол. 

Бұдан бөлек, «Үйлену», «Қыз жиырмаға толғанда», «Кешкі тоғыз», «Әке», «Пай-пай, жас жұбайлар», «Қыз Жібек», «Жендеттер» спектаклінің премьерасы өтеді. 

Айта кетейік, бұл Жошы хан туралы еліміздің театрында қойылатын алғашқы қойылым болмақ.

Бұған дейін белгілі қазақстандық тарихшы, тарихта «Алтын орда кезеңі» атанып кеткен Жошы ұлысы кезеңін зерттеп жүрген ғалым Жақсылық Сәбитов сұхбат берген болатын. Ғалым Ұлық ұлыстағы саяси интригалар мен тұлғалар культы, ордалықтардың тілі мен діні, ең бастысы бұл кезеңнің ұлттық тарихымыздағы рөлі туралы әңгімелеп берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама