×

Шавкат Рахмонов америкалық файтермен жекпе-жекке шығады

Олар айқас алдында иық түйістірді

 Дастан Жұмабекұлы 03.03.2023 | 11:34
фото: ашық дереккөз

5 наурыз күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында UFC 285 турнирі болады. Онда UFC жекпе-жегінде жартылай орта салмақта күш сынасатын файтер Шавкат Рахмонов турнирдің негізгі кардында америкалық Джефф Нилмен жекпе-жекке шығады.

Кеше қарсыластар жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихатын өткізіп, бірінші рет бетпе-бет жолықты.

Қазір Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде 9-орында тұр. Ол – мінсіз рекорд иегері. Яғни, Шавкат 16 рет жеңіске жетіп, бірде-бір рет жеңілмеген. Оған қоса, барлық жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтаған.

Джефф Нилге келер болсақ, ол қарсыластарын 15 рет жеңіп, 4 рет жеңілген. Ол дивизион рангы кестесінде 7-орында тұр.

Осы күні кардта тағы бірнеше атақты спортшы күш сынасады. Шавкат Рахмоновтың айтуынша, бұл жекпе-жекте ол жеңеді. Қазақ спортшысы бір адамға ғана шамасы келмейтінін айтты. Ол UFC ұйымының ауыр салмақтағы бұрынғы чемпионы Фрэнсис Нганнуге шамам келмейді деп ашық мойындады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама