×

Месси Аргентинаның командасына алтынмен апталған iPhone-ға тапсырыс берді

35 смартфон 210 мың АҚШ долларына бағаланып отыр

 Дастан Жұмабекұлы 02.03.2023 | 15:30
фото: ашық дереккөз

Аргентиналық футболшы Лионель Месси әлем чемпионы атанған ұлттық құраманың ойыншылары мен команданың қызметкерлеріне шамамен 210 мың долларға 35 алтын iPhone смартфонына тапсырыс берді. Бұл туралы The Sun хабарлады.

Әрбір телефонда ойыншының аты, нөмірі және Аргентинаның логотипі жазылады. Басылымның хабарлауынша, футболшы кәсіпкер Бен Лайонспен хабарласып, екеуі бірігіп дизайн ойлап тапқан.

Лионель әлем чемпионатының финалынан кейін бір-екі ай өткен соң бізге хабарласты. Ол барлық ойыншылар мен команданың барлық қызметкеріне жеңістің құрметіне арнайы сыйлық жасағысы келетінін айтты, –  деді iDesign Gold бас директоры Бен Лионс.

Аргентина құрамасы Катарда өткен әлем чемпионатын жеңіп алған еді. Ал Месси чемпионаттың үздік ойыншысы болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама