×

Бақытжан Сағынтаев денсаулығына байланысты демалысқа шықты

Қала әкімі бүгін Алматыда өтіп жатқан форумда сөз сөйлеуі керек болған

Бақытжан Сағынтаев, фото: gov.kz

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа ангина (тамақ ауруы) диагнозы қойылды. Сондай-ақ, оның дене қызуы көтерілгені айтылды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, шаһар басшысы денсаулығына байланысты 2 желтоқсанда өтіп жатқан Almaty Investment Forum 2021 іс-шарасына қатыса алмаған. Ол форумда сөз сөйлеуі керек болған.

Бақытжан Әбдірұлы денсаулығына байланысты демалысқа шыққанына осымен үш күн болды. Таңертең форумға қатыса алмады (Almaty Investment Forum 2021 – ред.) өйткені ол ем қабылдап жатыр. Оған ангина диагнозы қойылды, қызуы бар. Мүмкін, сағат 16:00-де ол онлайн режимінде қатысады, - деді қала әкімінің баспасөз хатшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама