×

Блинкен Өзбекстанға АҚШ-тың ұстанымын ескертті

Ол Орталық Азия елдерінің тәуелсіздігін қолдайтынын мәлімдеді

 Дастан Жұмабекұлы 02.03.2023 | 10:15
фото: president.uz

Ташкентте Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзияев Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен бастаған делегациямен кездесті. Бұл туралы president.uz хабарлады.

Кездесуде саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, білім беру және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынастардың күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен өңірлік ынтымақтастықтың маңызды аспектілері талқыланды.

Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен Мирзияевке АҚШ президенті Джо Байденнің сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді.

Ол АҚШ-тың Өзбекстанның тәуелсіздігі, егемендігі мен аумақтық тұтастығын, әлеуметтік-экономикалық реформаларын жан-жақты қолдайтынын айтты.

Кездесуде Өзбекстан мен АҚШ арасындағы кең ауқымды ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселесі сөз болды. Сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және инновациялық ынтымақтастықты дамытуға, Өзбекстандағы америкалық компаниялардың қызметін кеңейтуге, кооперация жобаларын іске асыруға ерекше назар аударылды.

Мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды, оның ішінде Өзбекстанда жастарға ағылшын тілін үйрету және білікті педагог кадрларды даярлау бағдарламаларын жандандыруға мол мүмкіндіктер бар екені айтылды.

Одан кейін кездесуде аймақтық ынтымақтастықтың маңызды мәселелері бойынша пікір алмасылды. Тараптар Астанада Сыртқы істер министрлерінің «АҚШ және Орталық Азия елдері» (С5+1) форматында өткен кездесуін оң бағаланды.

Осы айда Самарқандта өтетін Сауда және инвестициялар бойынша келісімнің (TIFA) отырысына маңызды мән беріліп отыр. Ауғанстанда бейбітшілік орнатудағы кең ауқымды халықаралық ынтымақтастыққа қатысты мәселелері де талқыланды. Осы елдегі жағдайды ушықтырудың және гуманитарлық дағдарыстың шиеленісуініне жол беруге болмайтыны, бар проблемаларды шешу үшін БҰҰ кеңістігін белсенді пайдалану қажеттігі, Ауғанстан экономикасын қалпына келтіруге көмектесу үшін өңірлік инфрақұрылымды қолдаудың маңыздылығы туралы пікір айтылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама