×

Былтыр қатты тұрмыстық қалдықтардың тек 26%-ы қайта өңделген

Абай және Ұлытау облыстарында қоқыс үйінділерін жою бойынша жұмыс нашар жүргізіліп жатыр

 Дәурен Ерболат 01.03.2023 | 12:38
Фото: vyvoz.org

2022 жылы Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтардың тек 26%-ы қайта өңделді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бұл деректер Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ашық талқыға шығарған 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын дамыту тұжырымдамасында жазылды.

Қазақстандағы қатты тұрмыстық қалдықтардың (ҚТҚ) негізгі бөлігі, яғни 97%-дан астамы ашық үйінділерге шығарылады. Былтыр қайта өңделген және кәдеге жаратылған ҚТҚ үлесі – 26%. 2021 жылы олардың 21,1%-ы кәдеге жаратылды, - деп көрсетілген құжатта.

Ғарыштық мониторинг нәтижесінде 2022 жылы қоқыстарды рұқсат етілмеген жерге төгудің 5 683 дерегі анықталып, оның 4 325-і жойылды.

Ең үлкен қоқыс үйінділерінің көбі Ақмола – 830 дерек (91%-ы жойылды), Қарағанды – 745 дерек (98%-ы жойылды), Түркістан облыстарында – 428 дерек (88%-ы жойылды). Абай және Ұлытау облыстарында қоқыс үйінділерін жою бойынша жұмыс нашар жүргізіліп жатыр, - деп жазылған тұжырымдама.

Құжат 15 наурызға дейін ашық талқыланады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама