×

Путин АҚШ-пен ядролық қару жөніндегі соңғы келісімшартты тоқтатты

Әлбетте, біз сынақты бірінші болып жасамаймыз, – деді Ресей президенті

 Дастан Жұмабекұлы 01.03.2023 | 11:49
фото: ашық дереккөз

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-пен ядролық қаруды тізгіндеп ұстау жөнінде жасалған соңғы келісімшарттың күшін жойды.

Қырғи-қабақ соғыстың аяқталып келе жатқан шағында КСРО мен АҚШ-та жасалған ядролық қаруларға бақылау орнату жүйесі тарихтың қойнауына кетті,– деп жазды The Moscow News ресурсы.

Алғашқы келісім Леонид Бережнев пен Джимми Картердің КСРО мен АҚШ-ты билеп тұрған кезінде жасалған. Содан бері құжат ара-тұра жаңартылып, осы күнге дейін жеткен еді.

Сейсенбі күні Владимир Путин Ресейдің Стратегиялық шабуылдаушы қарулар туралы келісімшартқа қатысуын тоқтату туралы заңға қол қойды. Бұл Ресей мен АҚШ-тың ядролық ракеталар санын шектеулерін қамтамасыз ететін соңғы келісім еді.

Келісімшарттың соңғысына 2010 жылы Дмитрий Медведев пен Барак Обама қол қойған болатын. Сосын 2016 жылы 2026 жылға дейін ұзартылды.

Қазіргі кезге дейін келісімшарт Ресей мен АҚШ-қа 1 550-ден артық ядролық оқтұмсық және 800-ден аса оларды тасымалдаушыларды ұстауға тыйым салып келген.

Путин 21 ақпанда Федералды жиналыс алдында жолдау оқыған кезінде келісімшарттан шығатындарын атап өтті. Бұл шешімді Мемлекеттік дума мен Федерация кеңесінің жоспардан тыс өткізген отырыстары бекітіп берген.

Ресей басшысы Федералды жиналыста 2 сағатқа созылған Жолдауында мұндай қадамға неге баратындарын түсіндірумен болды.

Әлбетте, біз сынақты бірінші болып жасамаймыз. Бірақ егер АҚШ сынақ өткізетін болса, біз де олардан қалмаймыз, – деді Путин.

Стратегиялық шабуылдаушы қарулар туралы келісімшартқа сәйкес, кеше РФ Қорғаныс министрлігі мен «Росатомға» 1996 жылдан бері тыйым салынып келген ядролық сынаққа дайындықты қамтамасыз ету тапсырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама