×

Қазақстан көпвекторлы саясат ұстануын жалғастырады – СІМ

С5+1 кездесуіне 4 елдің сыртқы істер министрлері қатысып жатыр

 Дәурен Ерболат 28.02.2023 | 16:34
фото: Halyq Uni

Астанада Қазақстан премьер-министрінің орынбасары - сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен кездесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Бізді АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Орталық Азиямен ынтымақтастыстыққа адал екенін көру қуантады. Бұл - оның осы өңірге жасаған алғашқы сапары.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айқындап берген дипломатиялық басымдықтарымыз ретінде Қазақстан өзінің көпвекторлы және салмақты сыртқы саясатын жалғастырады. Осы тұрғыда АҚШ та біз үшін негізгі басымдық болып саналады», - деді министр.

Вице-премьердің айтуынша, Қазақстан үшін С5+1 форматы өзекті.

Біздің ұжымдық күш-жігеріміздің арқасында С5+1 форматы маңызды құралға айналды, - деді Мұхтар Тілеуберді.

Министр аталған формат түрлі салалар бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қол жеткізілген жетістіктерге сүйеніп, біз одан әрі дамуымыз керек. С5+1 форматы ХХІ ғасырда климаттың өзгеруі, суды ұтымды басқару, техника дағдыларын үйрету және жастарымызға ағылшын тілін үйрету мәселелерін шешу үшін АҚШ-тан инвестицияға және озық технологияға қол жеткізу үшін тамаша платформаны ұсынады.

Қазақстан үшін АҚШ Нидерландыдан кейін 60 млрд доллар инвестиция салған екінші ел. Біздің екі жақты тауар айналымымыз 37%-ға артып, 3,05 млрд долларға жетті, - деді Мұхтар Тілеуберді.

Ведомство басшысы С5+1 кездесуіне қатысқан елдердің делегациясын 8-9 маусымда өтетін «Астана» халықаралық форумына қатысуға шақырды.

Айта кетейік, Астанада С5+1 форматындағы Орталық Азия елдері министрлерінің кездесуі өтуде. Оған Қазақстанға арнайы сапармен келген АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен қатысып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама