×

Алматыдағы үйлерді тексеру үшін Жапониядан мамандар шақырылады

Алматы сейсмикалық тұрғыда қауіпті аймақта тұр

 Дәурен Ерболат 28.02.2023 | 13:02
фото © Батыр Бесбаев

Алматыдағы үйлердің зілзалаға беріктігін тексеру үшін жапон мамандары шақырылады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Алматы сейсмикалық тұрғыда қауіпті аймақта тұр. Онда 10 балға дейін зілзала болуы мүмкін. Әкімнің өзі таяуда қаладағы үйлердің беріктігін тексеру үшін ғимараттарды қайтадан паспорттау жұмысы жүргізілетінін айтқан. Ғимараттардың сейсмикалық беріктігін мамандандырылған ұйым – ҚазҚСҒЗИ, қалалық құрылыс комитеті тексереді. Алдағы уақытта осы жұмысқа жапон компаниясын тартуымыз мүмкін», - деді Юрий Ильин.

Министр жапон мамандары талдау жұмыстарын жүргізіп, құрылымдар мен нысандардың зілзалаға беріктігі тексеретінін атап өтті.

Қазір Төтенше жағдайлар министрлігі нысандарды тексеру немесе қабылдау жұмыстарына араласпайды. Оған жауапты мемлекеттік органдар бар, - деді ведомство басшысы

Айта кетейік, бұған дейін ТЖМ Алматыда жер сілкінсе, ондағы ғимараттардың 30%-ы қирауы мүмкін екенін хабарлаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама