×

Министр әкімдерге қарды уақытында шығару маңызды екенін ескертті

Бүгінде елді мекендерден 11 млн-нан аса текше метр қар шығарылған 

 Дәурен Ерболат 28.02.2023 | 10:47
фото: zhaikpress.kz

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин су тасқыны кезеңінде әкімдердің елді мекендердегі қарды уақытында шығаруы керектігін ескертті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Өткен жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, елді мекендерді су басу қаупінің алдын алуда қардың уақтылы шығарылуы маңызды. Жергілікті бюджеттерден қар шығаруға бөлінген қаражатты талдау олардың негізінен ірі қалалар мен облыс орталықтарына бөлінетінін көрсетті. Ал көптеген ауылдық елді мекен назардан тыс қалады, - деді Юрий Ильин Үкімет отырысында. 

ТЖМ дерегінше, биыл әкімдіктер қар шығаруға 14,6 млрд теңге бөлген. Оның 5,9 млрд теңгесі ғана игерілген.

Қазір елді мекендерден 11 млн-нан аса текше метр қар шығарылды. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 2 млн-ға (2022 жылы 9,634 миллион текше метр қар) артық.

Өзендердегі мұзды жару да маңызды. Бүгінде өңірлерде әкімдіктер (1 млрд 29 млн 433 мың теңгеге) жарылыс жұмыстарын жүргізуге 35 шарт жасады. Жарылыс жұмыстары арқылы өзендердегі мұздың әлсіреуі де маңызды рөл атқарады. Біз бұл мәселені премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр өткізген жиналыста талқыладық, - деді министр.

Айта кетейік, елімізде су тасқыны салдарынан 700 мыңнан аса адам үйсіз қалуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама