×

Тәжікстанда тағы жер сілкінісі болды

Жерасты дүмпулері Алматы уақыты бойынша сағат 06:01-де болған

 Дастан Жұмабекұлы 28.02.2023 | 09:41
фото: ашық дереккөз

Тәжікстанда тағы да жер сілкінісі болды.

Сейсмологтардың айтуынша, жерасты дүмпулері Алматы уақыты бойынша сағат 06:01-де болған. Қазақстан аумағында зілзала байқалмады.

Жер сілкінісінің эпицентрі Тәжікстан аумағында Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 685-шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.7. MPV, магнитудасы – 4.8. Эпицентрдің координаттары – 37.56°С. Е. 73.63° ш.б. Тереңдігі – 10 шақырым.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама