×

Түркияда тағы жер сілкінісі болды (ВИДЕО)

Соңғы жерасты дүмпулерінен 29 тұрғын үйдің құлаған

 Халық үні 28.02.2023 | 00:16
Фото; Анадолу агенттігі

Түркияның Малатья провинциясында 5,6 балдық жер сілкінісі болды. Зілзаладан кейін үйінділер астынан 32 адам құтқарылды, деп хабарлайды Anadolu агенттігі.

Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасының (AFAD) басшысы Юнус Сезердің айтуынша, жерасты дүмпулерінен 29 тұрғын үй құлаған. Салдарынан бір адам қаза тауып, 110 тұрғын жарақат алды.

Жер сілкінісінен қираған екі үйдің үйіндісі астынан адамдарды құтқару жұмыстары жалғасуда және оған 657 адам жұмылдырылған.

Сондай-ақ, Түркияның төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасының басшысы азаматтарға қираған үйлерден аулақ болу керектігін еске салды.

«Апат аймағында тұратын барлық азаматтың ұялы телефондарына SMS-хабарлама жіберілді. Жер ара-тұра сілкініп жатыр, зақымданған үйлер құлауы мүмкін», - деді Юнус Сезер.

Айта кетсек, Түркияның Малатья провинциясында 5,6 балдық жер сілкінісі болды.

Зілзала жергілікті уақыт бойынша сағат 12:04-те тіркелген. Оның эпицентрі Йешилютр ауданында болды. Жер сілкінісінің ошағы 6,96 км тереңдікте жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама