×

Қарағандыда Әлихан Бөкейхан мен Ақселеу Сейдімбекке ескерткіш орнатылады

Екі ескерткіш те биыл орнатылмақ

 Айнұр Шошаева 30.03.2022 | 10:25
коллаж: Halyq Uni

Қарағандыда ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан және жазушы Ақселеу Сейдімбекке ескерткіш орнатылады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. 

Екі ескерткіш те биылғы жылдың соңына дейін Майқұдықта орнатылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Қарағанды қаласының әкімі Ермағамбет Бөлекпаев қала тұрғындарымен есептік кездесуі кезінде айтты. 

«Қазір тиісті құжаттарды облыс әкімдігі арқылы министірлікке рұқсат алу үшін хат жолдадық. Рұқсат бергеннен кейін ескерткіш жобасы бойынша республикалық конкурс жариялаймыз. Конкурс нәтижесі бойынша ескерткіш орнатуға қажетті қаржыға бюджетке тапсырыс береміз», - деді Бөлекпаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама