×

Биыл құсбегіліктен Қазақстан чемпионатының қайда өтетіні белгілі болды

Жарысқа 100-ге жуық құсбегі қатысады

 Дәурен Ерболат 23.02.2023 | 17:05
Фото: Turkystan.kz

Биыл Атырау облысында құсбегіліктен Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлады республикалық құсбегілік федерациясы.

24-26 ақпан аралығында Атырауда еліміздің дәстүрлі, төл спорты құсбегіліктен ересектер арасында XVI Қазақстан чемпионаты өтеді. Жарысқа қатысуға 14 өңірден 100-ге жуық спортшы ниет танытқан, – делінген хабарламада.

Чемпионат регламенті бойынша бәсекеге бүркіт, қаршыға және ителгі құстары қатыса алады. Ал жарыс Атырау облысының Жаңаталап ауылында өтеді.

Айта кетейік, биыл ақпанның алғашқы жартысында Талдықорғанда жастар арасында құсбегіліктен XIV Қазақстан чемпионаты өтті. Турнирге 70-тен аса жас құсбегі қатысты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама