×

Алматы тұрғыны 19 шеге жұтып қойған

Тек төртінші күні ғана дәрігер көмегіне жүгінген. 

 Халық үні 22.02.2023 | 22:23
фото: ДСБ

Алматы облысы Қарасай ауданындағы 39 жастағы тұрғынның ащы ішегінен 19 шеге шықты, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Дәрігерлердің айтуынша, науқас шизофрениямен ауырады. Оның ащы ішегінен ұзындығы 10 сантиметрлік 19 шеге алынған. Науқас шеге жұтып қойған соң, тек төртінші күні ғана дәрігер көмегіне жүгінген. Шұғыл түрде ота жасалған, жағдайы қалыпты.

Бұған дейін былтыр 12 қыркүйекте, науқас шеге жұтып, үшінші күні ғана дәрігердің қызметіне жүгінген. Оның айтуынша, өз-өзіне қол жұмсамақ болған екен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама