×

Партия кандидаттардың белсенділігіне рейтинг жүргізеді – Елнұр Бейсенбаев

Партияның сайлауалды штабында БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур ұйымдастырылды

 Халық үні 22.02.2023 | 16:23
фото: facebook.com/elnur.beisenbaev

AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, сайлауалды штаб «open space» қағидаты бойынша ұйымдастырылған және тәулік бойы жұмыс істейді, сайлау науқанын басқаруды, туындаған мәселелер бойынша жедел және бірлесіп шешім қабылдаудың көпфункционалды орталығы.

Шара барысында Елнұр Бейсенбаев журналистерді қоғамдық қабылдау, БАҚ штабы, коворкинг аймағы, жастар секторы штабы, сондай-ақ үгіт-насихат және кандидаттарды үйлестіру орталықтарының қызметімен таныстырды.

Кандидаттарды үйлестіру орталығы туралы айта келе, Е.Бейсенбаев AMANAT партиясының барлық кандидаттарының жұмысы тұрақты бақылауда екенін және алдын ала белгіленген критерийлер бойынша бағаланатынын атап өтті.

Осы мониторинг және сайлау нәтижелері бойынша (депутаттық тізімге алынған) партияның басқару органдары Мәжіліс депутаттарының қорытынды тізімін жасақтайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама