×

Журналистер мен блогерлерге қатысты қылмыс жасаған 18 адам ұсталды

Соңғы 6 айда журналистер мен блогерлерге қатысты заңсыз әрекет жасағаны үшін 18 адам ұсталды

 Халық үні 21.02.2023 | 21:48
Фото: 24.kz

Соңғы 6 айда журналистер мен блогерлерге қатысты заңсыз әрекет жасағаны үшін 18 адам ұсталды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі.

Ведомствоның мәліметінше, 2022 жылғы қыркүйектен бастап 2023 жылғы 20 ақпанға дейін Алматы және Астана қалаларында 6 журналист пен блогерге, сондай-ақ 1 адамға қызметіне қарсы қылмыс жасалған.

«Жәбірленушілерге қатысты жылжымайтын мүлікке қасақана зақым келтіру, автокөліктерді өртеу, оларға әртүрлі заттарды жөнелту арқылы қорқыту фактілері, жәбірленушілердің мекенжайлары бойынша терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар және Интернет желісінде дербес деректерін тарату фактілері тіркелді. Осы қылмыстарды ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. ҚР ҚК 115 бабы «Қауіп», 147 бабы «Жеке өміріне қатысты мәліметтерді тарату», 158 бабы «Журналистік қызметке кедергі жасау», 202 бабы «Бөтеннің мүлкін қасақана жою», 293 бабы «Бұзақылық»  бойынша 20 қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.

Дәлелдемелік базаны нығайту үшін қажетті жедел тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама