×

Рыбакина «Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазын оңай ұтты

Енді ол екінші айналымда әлемнің 26-ракеткасы, чехиялық Мария Боузковамен кездеседі

 Дастан Жұмабекұлы 21.02.2023 | 16:05
фото: ашық дереккөз

Елена Рыбакина Дубайда басталған турнирдің бірінші айналымында жеңіске жетті.

Біріккен Араб Әмірлігінде өтіп жатқан жарыста «Уимблдон-2022» турнирінің жеңімпазы және «Australian Open-2023» чемпионатының финалисі, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина канадалық 36-ракетка Бьянка Андреескуды 6:3, 6;4 есебімен жеңді.

Кездесу 1 сағат 30 минутқа созылды. Осы уақытта отандасымыз 6 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыласы 2 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.

Осыған дейін қарсыластар бір рет кездесіп, өткен жылы Елена Рыбакина «Уимблдон» тунирінде Бьянка Андреескуді 6:4 7:6 (7:5) есебімен ұтқан еді. Ұлты румын Адрееску 2019 жылы АҚШ-тың ашық чемпионатында алтын жүлдегер атанған болатын.

Енді Рыбакина екінші айналымда әлемнің 26-ракеткасы, чехиялық Мария Боузковамен кездеседі. Ол алғашқы кездесуінде 2020 жылғы Австралия чемпионы, америкалық София Кенинді 6:1, 6:1 есебімен оңай ұтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама