×

Рыбакина халықаралық жүлдеге үміткер атанды

Laureus World Sports Awards сыйлығы бір жылда үздік жетістіктерге жеткен спортшыларға беріледі

 Дастан Жұмабекұлы 21.02.2023 | 15:44
фото: ашық дереккөз

«Уимблдон – 2022» турнирінің жеңімпазы, Australian Open 2023 чемпионатының финалисі Елена Рыбакина Laureus сыйлығына үміткер атанды.

Одан басқа, бұл сыйлыққа испандық Карлос Алькараз (теннис), футболдан Марокко құрамасы, америкалық Натан Чен (мәнерлеп сырғанау), нигериялық Тоби Амусан (жеңіл атлетика) және тағы бір америкалық спортшы Скотти Шеффлер (гольф) ұсынылып отыр.

Laureus World Sports Awards сыйлығы бір жылда үздік жетістіктерге жеткен спортшыларға беріледі.

Сыйлық 1999 жылдан бері беріліп келеді. Жеңімпаздар екі кезең бойынша анықталады. Алдымен 80-ге жуық елдің беделді спорт редакторларынан, журналистерінен және комментаторларынан тұратын кандидаттарды іріктеу тобы дауыс беріп, әр номинация бойынша қысқа тізім жасалады. Дауыс беру процесін тәуелсіз аудиторлар бақылайды. Содан кейін Laureus World Sports Академиясының мүшелері жасырын дауыс беру арқылы жеңімпаздарды таңдайды. Әрбір жеңімпаз Cartier зергерлік үйі ұсынған Laureus мүсінін алады. Салмағы 2,5 келі болатын бұл мүсіннің құрамында 670 грамм күміс және 650 грамм алтын бар.

Бұл мүсінмен көбіне теннисшілер марапатталыпты. Роджер Федерер Laureus World Sports Awards сыйлығын 5 рет алса, Новак Джокович 4т рет, Рафаэль Надаль 2 рет, Серена Уильямс 4 рет, Наоми Осака 1 рет алған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама