×

Берік Уәли жаңа қызметке тағайындалды

Ол 2019 жылдың наурызынан бері ҚР президентінің баспасөз хатшысы болды

 Халық үні 29.03.2022 | 10:57
Берік Уәли, фото: gov.kz

Берік Уәли «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұған дейін ол ҚР президентінің баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

Берік Уәли 1997 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын «кинотанушы», 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «журналистика», 2014 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

1997-2012 жылдары – «Хабар» агенттігі» АҚ-ның, «ТАҢ» телекомпаниясының, «НТК» телеарнасының, «31 канал» ЖШС-нің журналисті, ақпараттық бағдарламаларының редакторы, «Нұр Медиа» ЖШС-нің жемқорлыққа қарсы медиа орталығының жетекшісі.

2012-2015 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, баспасөз қызметінің басшысы, ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы.

2015-2016 жылдары – «Нұр Отан» партиясы төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі.

2016-2018 жылдары – Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі, Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры.

2018-2019 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының басшысы.

2019 жылы наурызда ҚР президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама