×

Бүгін ауа райы қандай болады?

Батыс және шығыс аудандарда және оңтүстікте жаңбыр мен қар жауады

 Халық үні 21.02.2023 | 06:40
фото: tengrinews.kz

 «Қазгидромет» РМК-сы 21-ші ақпан күнгі ауа райы болжамын жариялады. 

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, атлантикалық циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық ағындардың әсерінен еліміздің басым бөлігінде күн құбылмалы болады.

Нақтырақ айтқанда, қар жауып, бұрқасындатады. Батыс және шығыс аудандарда және оңтүстікте жаңбыр мен қар жауады. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында және оңтүстігінде ғана күн жауын-шашынсыз болады. ҚР бойынша көктайғақ болып, жел күшейеді, тұман түседі.

Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде қалың қар түседі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама