×

Нидерланд билігі ресейлік 10 дипломатты елінен шығарып жатыр

Елшілік өкілдері тыңшылықпен айналысқан

 Дастан Жұмабекұлы 20.02.2023 | 16:02
фото: ашық дереккөз

Нидерланд билігі шпиондық әрекеттері үшін Ресейдің 10 дипломатын елден қуып жіберуге шешім қабылдады. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.

Нидерландтың ортақ шешімін табу жөніндегі көптеген әрекеттеріне қарамастан, Ресей елге дипломатиялық желеумен тыңшы офицерлерін жіберуді жалғастырып келеді, – деді Нидерланд Сыртқы істер министрі Вопке Хукстра.

Ол Ресей елшілеріне Нидерландтан кетуге екі апта уақыт берді.

Сондай-ақ 21 ақпаннан бастап Ресейдің Амстердамдағы сауда уәкілдігі жабылады. Министрдің айтуынша, бұл «Ресейдің халықаралық адам құқығын бұзуды жалғастырып жатқан әрекетіне» және «Украинадағы бейбіт тұрғындар мен инфрақұрылымдарға қарсы шабуылдарға қайтарылған жауап» болады.

Нидерланд тиісінше өзінің Санкт-Петербургтегі консульдігін жапқалы отыр.

Соғыс басталғалы бері Батыс елдерінен Ресейдің 600-ге жуық елшілері қуып жіберілді. Мұнда былтыр маусым айында бірден 70 елшіні шығарып жіберген Болгария рекорд жасап тұр. Сол сияқты, Польша ресейлік 45, Германия 40 дипломатты елдерінен қуды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама